12 600 доза вакцина бөлінді
Құс тұмауына қарсы екпе егу жұмыстары жүріп жатыр
Қостанай облысында құс тұмауының алғашқы жағдайлары тіркелді. Осыған байланысты ауданда құс тұмауына қарсы алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ветеринарлық – профилактикалық іс-шараларға сәйкес, қазір вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр. Біздің ауданға құс тұмауына қарсы 12 600 доза вакцина бөлінді. Бүгінгі күнге ветеринарлар 8 мыңнан астам вакцинаны егіп үлгерген.
Құс тұмауының тіркелуіне байланысты Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандары карантинге жабылды.
Құс тұмауынан қауіп төніп тұрған уақытта құс пен жұмыртқаны рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмаған жөн.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет интернет желісінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров