Көшелерге жарық беру бағаналары орнатылды
Ауыл – елдің алтын қазығы. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» дейді. Бүгінде ауылдық жерлерді көркейтуге мемлекетіміз үлкен мән беріп отыр. Ауылдың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалар да өз жемісін беруде.
Қарасу ауылы жыл өткен сайын гүлденіп келеді. Ауылды көріктендіру, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жетерлік.
Соңғы екі-үш жылдың көлемінде аудан орталығындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымы кең.
Айталық, өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қойбағар-Қарасу-Севастополь тасжолы, аудан орталығындағы Рамазанов және Анищенко көшелеріне ішінара жаңа жарық шамдар орнатылған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып, жуырда Школьный және Детский тұйық көшелерінің Рамазанов көшесімен қиылысқан жерінен бастап, Комсомол көшесіне дейінгі аралыққа жаңа жарық шамдар орнатылды.
Ерекше үлгідегі жарық шамдар ауылға әр беріп, көркін ашып тұр.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31