Орақ науқаны қарқынды
224,9 мың гектар алқаптың егіні орылды
Ас атасы – нан, нан атасы – дән. Нәпақасын қара жерден тауып отырған диқандар көктемде егін егіп, нан көп болсын деген ниетпен ала жаздай тынымсыз еңбек етеді. Ондағы мақсат – мол астық жинап алып, жақсы пайдаға кенелу.
«Нан болса, ән де болады» деп жүрген диқандардың ырысы молайып, қазір еңбегінің жемісін көретін шақ. Енді сары алтындай жайқалған астықты ысырапсыз қамбаға құйып, елімізді мол астықпен қуанту міндеті тұр.
Бүгінде аудан бойынша күзгі жиын-терім науқаны қызу жүріп жатыр. Диқандар үшін жауапты науқанды ұйымшылдықпен әрі сапалы атқару – басты міндет.
«Егіннің жайын еккен білер» дейді. Ресми деректерге сүйенсек, биылғы егістіктің жалпы көлемі 633,0 мың гектар алқапты құрайды. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 224,9 мың гектар алқаптың егіні орылды. Ол 35,3 пайызды құрап отыр. 223,4 мың гектардағы дәнді дақыл бастырылды. Гектар берекелігі 11,1 центнерден айналуда. Дала жұмыстарын жүргізуге қажетті техникалар жеткілікті.
Сала мамандарының айтуынша, қазір күннің райы қолайлы, осыған орай қарқын да артып отыр. Басты мақсат – алдағы жұмыстарды жоспарланған деңгейде орындап шығу.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет газеттің мұрағатынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31