Кәсіби мереке қарсаңындағы марапат
Тамыздың екінші жексенбісі – құрылысшылар күні
Құрылыс саласының қоғамдағы алатын орны ерекше. Бұл сала ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Құрылыс секторы елімізде жылдан-жылға өте қарқынды дамып келеді. Бүгінде құрылысшылардың қолымен көптеген жаңа нысандар салынып, бой көтеруде. Әрине, бұл ел экономикасының өсіп-өркендеп келе жатқандығын дәлелдей түседі.
Ауданымызда құрылыс саласы қалыпты дамуда. Жаңа жобалар жүзеге асырылып, бұл салада жеткен жетістіктер жетерлік. Жыл сайын жаңа құрылыс нысандары салынып, халық жұмыспен қамтылып, ел игілігіне пайдалануға берілуде. Мәселен, биылдың өзінде аудан орталығында бірнеше нысанның құрылысы қолға алынды. Соның бірі – Май зауыты көшесі мен Совхозный көшесі қиылысындағы 320 оқушыға арналған білім ошағының құрылысы. Жаңа мектеп құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл нысанның жалпы құны – 1 285 918,93 теңге.
Құрылысқа жауапты бас мердігер – «Алюминстрой» ЖШС. Қазір құрылыс алаңында жұмыс қызу жүріп жатыр. Құрылысшылар құрылыс жұмысын сапалы атқарып, белгіленген уақытта аяқтау жолында аянбай тер төгуде.
Құрылысшылар күні қарсаңында Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің ұжымы атынан «Алюминстрой» ЖШС директоры Абай Қоспанұлы Мұқановқа алғыс хат табыс етілді.
Жаңа мектепте заман талабына сай барлық жағдайлар жасалатын болады.
Айта кетерлігі, мектептің бас жоспарында жүгіру жолдары, футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары бар дене шынықтыру-спорт аймағы, оқу-тәжірибе станциясы, мектеп бақшасы, 0-4 сыныптардың демалуына арналған аула, негізгі кіреберістің алдындағы мерекелік алаң, 5-8 сыныптардың тыныш ойын алаңы қарастырылған.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретте: марапаттау сәтінен көрініс
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31