Қарасуда ережеге бағынбаған 36 нысан анықталды
Карантин ережесіне салғырт қарағандар заң алында жауап беретін болады
Қарасу ауданы әкімінің жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы жылдың 25 шілдесінде кезеті рейд жұмыстарын жүргізді.
Ондағы басты талап ҚР Бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қауылысына сәйкес заң бұзушылықтарды анықтау болатын.
Тексеріс барысында Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралу қаупінің туындауының алдын алу, эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шаралар мен қағидалары негізінде карантиндік іс-шараларды бұзудың жолын кесу болатын.
Арнайы мониторингтік топтың тексеруі барысында ауданда 36 заң бұзушылық анықталды. Карантин талаптарын бұзғандардың басым бөлігі бұлар дүкендерде сатушылар қолғапсыз және маскасыз жұмыс істеуі болса, бұл жолы жеке тұлғалар 3 адамнан астам топ болып жүріп бетперде кигенді ұмыт қалдырғандар да кездесті.
Карантин ережелеріне псықырмай, заң бұзғандарға арнайы хаттамалар толтырылды. Енді олар ҚР ӘК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жазға тартылмақ.
«Біздің негізгі міндетіміз жазалау емес ескеру болатын. Бірақ, осы аралықта кейбір ауылдастырымыз бұған дейін жасаған ескертуімізге құлақ аспай карантин ережесін өрескел бұзып жатады. Бұл әрине өте өкінішті. Осы орайда аудан тұрғындарынатағы бір рет Covid – 19 коронавирустық инфекциясының таралу қаупінің алдын алу бойынша эпидемияға қарсы қатаң санитариялық-профилактикалық іс-шаралар қағидаларын сақтауға шақырамыз.», – «ҚБТУ Қарасу аудандық басқармасы» РММ басшысының міндетін атқарушы Дүйенбай Аппазов.
Ал, бас дәрігердің қаулысын елемей заң бұзғандардың жазасы алдағы болатын сот отырыстарында анықталатын болмақ. Сондықтан аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерге айтарымыз ережеге қатаң бағынып, сақтық шараларын барынша сақтайық.
Есте сақтаңыз, сіз бен біздің қолданатын сақтық шарамыздың арқасында қатарлі індетті ауыздықтауға болады. Сондықтан, жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қараңыздар демекпіз.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31