«Достық» стадионында жөндеу жұмыстары жүрмек
Заман талабына сай спорт нысынында садақшылар алаңы пайда болмақ
Биыл аудан орталығының тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Себебі, Қарасу ауылындағы «Достық» стадионы жақын арада жаңартылып, жаңа кейіпке енбек. Өйткені, мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Оған облыстық бюджет «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 38 млн теңге бөлді. Оның сыртында спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізу үшін тендер ұтып алған фирма 15 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
2011 жылы осы стадионда «Тың-Целина» облыстық спартакиадасы өткен болатын. Солуақыттан бері жөндеу жұмыстары бірде-бір рет жөндеу жұмыстары өтпгендіктен тозып кеткен болатын.
«Ескі трибуналар алынып, берік орындықтар қойылады. Стадион ішінде теннис кортын жаңартып, футбол алаңының жиегін толтырамыз. Стритбол ойнайтын жаттығу құрылғылары бар алаңдар пайда болады», – дейді «Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт» бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаев.
Спорт нысанының басты ерекшелігі кәсіби садақ ату үшін жасақталған арнайы алаң болмақ. Мұрат Сауытпаевтың сөзіне қарағанда, Қарасу – бұл Қостанай облысындағы осы олимпиадалық спорт түрін дамытумен айналысып келе жатқан жалғыз аудан. Қазіргі таңда секцияға шамамен 30 адам қатысады. Қарасулық садақшылары үшін бұл бөлек алаң болашақ турнирлерге дайындалуда жақсы көмек болары сөзсіз.
Мешіт Ғазизұлы
Суретті түсірген: Сергей МИРОНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31