Биыл Қарасуда 600 мың гектардан астам егін егілмек
Жергілікті диқандар мемлекеттің көмегін айтарлытай сезінуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бір жарым ай бұрын жариялаған пандемия жағдайында азаматтар мен бизнеске қолдау көрсету туралы Үндеуінде ауыл шаруашылығын ерекше бөле-жара атап өтіп, көктемгі егіс науқанын ойдағыдай жүзеге асыру үшін бюджеттен 70 млрд теңге қаржы бөлінетінін жеткізген болатын.
Еліміздің басына түскен қиынжағдайға қармастан Қостанай облысының көктемгі егін егу жұмыстарына ел Үкіметі 21 млрд теңге бөлді. Жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын диқандарды қолдауға бағытталған қаражат санаулы уақыт ішінде Аграрлық несие корпорациясы арқылы облыстың түпкір-түпкіріндегі шаруаларға да жетті.
Президент сонымен қатар Үкіметке ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді арзан дизель отынымен қамтамасыз етуді тапсырған. Диқандарға үлкен демеу болған үкіметтік жанармайдың құны нарықтағы бағадан 15% төмендетіліп, литріне 165 теңге болып бекітілген болатын. Бұл жерде диқандар үшін мемлекет дер уақытындағ, дәл қиын сәтте көмек қолын созып, қолдау көрсеткенін айта кеткен жөн.
Соның арқасында Қарасу ауданының диқандары көктемгі егіс жұмыстарын уақытында бастауға үлкен көмек екені жасырын емес.
«Қарасу ауданында қазіргі таңда 38 мың гектар алқапқа дәнді-дақылдар, майлы дақылдар 8 мың жарым гектар, 2 гектарға бау-бақша тұқымы себілді.
Ауданда диқандар ешқандай қиындыққа тап болып отырған жоқ. Олар мемлекеттің көмегін айқын сезінуде. Аудан бойынша егіс жұмыстарына 10 мың 807 тонна жанармай бөлінген. Бүгнгі күні 9 мың тонна жанармайға келісім-шарт жасалынды» – «Қарасу аудандық әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Талған Мұқанов.
Жалпы қарасу ауданында көктемгі егіс науқаныны жоғарғы қарқынмен жүріп жатыр. Аудан бойынша 682 мың гектар жерге дән себу жоспарланып отыр. Алайда мұншама алқапты мемлекет қолдауынсыз игеру биыл аса қиынға соғатын еді. Өйткені былтыр астықты аймақта қатты құрғақшылық болды. Қуатты деген іргелі шаруашылықтардың өзі алқабы аптапқа ұрынып, қамбасы орталанып қалған. Сондықтан бұл өңірдегі диқандардың дені мелекеттің қолдауына мұқтаж еді.
Осы орайда аудандағы ірі егін шаруашылығымен айналысатын «Талды К» ЖШС егіс алқаптарында қызу еібектің куәсі боласыз.
“Мемлекет басшысы өте дұрыс әрі аса маңызды шара қабылдады. Биыл ең бірінші кезекте ауыл шаруашылығына қолдау қажет. Былтыр егін шықпай қалды, биыл ел көлемінде төтенше жағдай жарияланды. Енді бұл мәселе оң шешім тапты деп ойлаймын.
Мені Президенттің ірі шаруашылықтармен қатар, техникасы ескі, мүмкіндігі аз шағын шаруашылықтарға да ерекше көңіл бөліп, әсіресе арзандатылған жанармайдың қияндағы ұсақ шаруа қожалықтарына дейін шығынсыз әрі белгіленген бағамен жетуін қадағалауды тиісті органдарға тапсырғаны қуантты.
Шағын шаруашылықтар дизель отыны мен тұқым жағынан жылда қиналады. Қостанай алқабына дән себілсе, ел ырыздықсыз қалмайды, – дейді «Талды К» ЖШС директоры Пернебек Ертаев.
Жалпы биыл қандай қиыншылықтарға қармастан уақытында қолдау көрсеткен мемлекеттің арқасында қарасулық диқандар мол өнім алатына сенімді. Ауа-райы қолайылы болып тұрса егіс жұмыстарын маусым айының 10-на дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Мешіт Ғазизұлы
Суретте «Талды К» ЖШС егіс алқабынан көрініс
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31