«Біз біргеміз» акциясы аясында
Коронавирус дерті дүние жүзін дүрліктірді. Қазір бұл дерт әлем жұртшылығы үшін қауіпті індетке айналып отыр.
Өңірде жұқпалы вирустың алдын алу бағытында түрлі жұмыстар қолға алынып, игі істер атқарылып жатыр.
Қарасуда Nur Otan партиясы аудандық филиалының мұрындық болумен «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында ауқымды іс-шаралар қолға алынуда. Айталық, коронавирус пандемиясының алдын алу үшін тұрмысы төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж қарттарға антисептикалық препараттар, медициналық маскалар және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер таратылды.
Аталмыш акция «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партия жобалары аясында өткізіліп отыр.
– Коронавирус – адамзатқа төнген қатерлі індет. Бұл ауруды жұқтырғандар саны күрт өсіп, бүгінде көпті алаңдатқан мәселеге айналды. Сондықтан, бұл дертпен бірлесіп күресуіміз керек, – дейді акцияны ұйымдастырушылар.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31