Жас ұрпақтың санасына сыйластық сезімін ұялататын тәрбие
8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жаныспай негізгі мектебінде Қарасу ауданының басқа білім ордалары сияқты тағылымды іс-шаралар өткізді.
Солардың бірі – ұстаз Жанна Жолдаякованың 5-8 сынып оқушыларына арналған «8 наурыз халықаралық әйелдер күні» атты сынып сағатын айтуға болады.
«Бұл сынып сағатының мақсаты 8 наурыз мерекесінің тарихымен шәкірттерді таныстыру болатын. Оқушылар сынып сағаты барысында викториналық сқрақтар мен түрлі байқауларға белсенді қатысты. Біз мерекенің тарихымен таныса ортырып, өзара қарым-қатынасты нығайттық, нәзік жандыларға әрқашан құрметпен қарау керек екенін жас ұрпақтың санасына сінірдік», – дейді ұлағатты ұстаз Жанна Жолдаякова.
Іс-шара соңында ұлдар барлық қыздарға құттықтау хаттар табыс етті. Мектеп педагогтары мұндай сынып сағаттары эстетикалық, мәдени, адамгершілік және дене жағынан жан – жақты дамыған азаматты қалыптастыруға көмектеседі деп үміттенеді.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31