Қарасудағы қар тазалу жұмыстары қалай жүріп жатыр
Биылғы қыс облыс тұрғындары мен қатар қарасулықтарды да біраз әбігерге салғаны жасырын емес. Оның өзіндік себебі бар. Атап айтар болсақ, Қарасу ауданында осы жылы жылдық мөлшерден көп қар жауды.
Енді көктемніңде ауылы да алыс емес. Оның үстіне соңғы жауған қар мен ақ түтек бораннан соң аудан көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктер көктемгі тасқын судың алдын алу шараларына белсене кірісіп кетті. Ауданға қарасты елді мекендерден қар шығару басталды. Аудандық жолдарды тазалау үшін 2019 жылы шыққан Б-10 М2 маркілі шынжыр табанды трактор жұмыс істеуде.
«Аталған қуаты жоғары трактор жолдағы қар кептелісін жою үшін резервтік жұмылдыру қорынан бөлінді. Оның сыртында елді мекендердігі қалың қарды сыртқа тасу жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазірігі таңда Қарасу ауылынан 18000 текше метр, Октябрь ауылынан 450 текше метр, Шолақшы ауылынан 5000 текше метр. Айдарлы аулынан 3200 текше метр. Ушаков ауылынан 200 текше метр. Жалпы аудан бойынша 23650 текше метр қар шығарылды», – дейді «Қapacy ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділхан Ахмеров.
Осы орайда аудан тұрғындары да қарап отырмай қазірден бастап өз үйлерінің шатырлары мен қораларын, аулаларын, жертөлелерді, кіріп-шығатын жолдарын, су құбырлары мен жауын-шашын су ағарлары алдын-ала тазалап қойғаны абзал. Өйткені апат айтып келмейді. Ертең топан су лап бергенде кезінде тұрғындар тарапынан қолданылмаған қарапайым ержелер үлкен өкініштерге алып келетінін көріп жүрміз.
«2020 жылы Қарасу, Восток ауылдарындағы Қарасу өзеніндегі мұзды қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Черняев ауылдық округінің Зеленовка және Белозер кенттерінде Қарасу өзенінде де мұз жару жұмыстары жүргізіледі.
Қарамырза ауылы және Железнодорожный ауылдарымен шектесетін Тюнтюгур көлінің жалпы ауданы 25784 текше метр. Ал жарылатын мұздың ауданы 320 шекше метр . Жарылыс жұмыстарын жүргізуі Наурыз айының соңы сәуір айының басына жоспарланған дейді» , – «Қapacy ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділхан Ахмеров.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31