Жерлестеріміз республикалық турнирде қола жүлдегер атанды
Ауданымызда еркін күрес жақсы дамыған
Еркін күрес – қарасулық жастардың сүйіп айналысатын спорты. Бұл спортпен шұғылданатын жастар саны жылдан-жылға артып келеді.
Палуандарымыз облыстық, республикалық жарыстарда тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді. Өңірде спортқа деген қолдау-көмек бар. Жерлестеріміз жарыстарға шығып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Айталық, жуырда Қостанай қаласында еркін күрестен жасөспірімдер мен қыздар арасында республикалық турнир болып өтті. Аталған додаға қатысқан ауданымыздың жас палуандары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 46 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Нина Копачану мен 57 келідегі Диана Шостак қола жүлдені иеленді.
Жарыстың қорытындысы бойынша медаль және грамоталармен марапатталды.
Жерлестерімізге алдағы уақытта да жеңістер тілейміз.
Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру, талантты спортшыларды анықтау және жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған Нұрсұлтан Баязитов
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31