«Партиялық бақылауды күшейту керек»
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен деңгелек үстел өтті
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Михаил Дәуенов ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Ол ең алдымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен деңгелек үстел өткізді.
Басқосу барысында партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің негізгі міндеттері мен жұмыстары жан-жақты талқыланды.
Михаил Жүсіпұлы қоғамдық бақылауды күшейтіп, жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылау және партия мүшелерінің белсенділігін арттыру жөнінде кеңінен әңгімеледі.
Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істеу керек екенін айтып, жиналғандардан шешімін таппай жүрген қандай мәселелер барын сұрады.
– Партиялық бақылау комиссиясының құрамын 11 адамға жеткізу керек. Олар елді мекендерді аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін тыңдап, халыққа жақын болуы тиіс, – деді төраға.
Михаил Дәуенов сапарының соңында аудан әкімі Виктор Ионенкомен кездесіп, маңызды сұрақтарды талқылады.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31