«Отбасын қолдаудың ресурстық орталығы» пилоттық жобасы аясында ашық дәріс өтті
«Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейтін ата-бабамыз өскелең ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болып өсуіне баса назар аударған.
Бүгінде отбасы институты деңгейін көтеру және қоғамда отбасы құндылығының мәртебесін арттыруға үлкен мән берілуде. Өйткені еліміздің мызғымас беріктігі ондағы жанұялардың бақытты, саламатты болуына тікелей байланысты.
Қараман орта мектебінде «Отбасын нығайту және ата-аналар қоғамдастығын шақырумен кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті жүріс-тұрысы» тақырыбында ашық дәріс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Талғат Жармағамбетов, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, ата-аналар қоғамдастығы, педагогтар және психологтар қатысты.
Іс-шара «Отбасыларды қолдау ресурстық орталығы» пилоттық жобасы аясында өткізілді.
Жиынды Талғат Жармағамбетов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Аудан әкімінің орынбасары алдымен арнайы іс-сапармен келген қонақтарды таныстырып, жиынның мән-маңыздылығына тоқталып өтті. Одан кейін облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Марина Донскова сөз сөйлеп, отбасын нығайту және отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.
Өз кезегінде Қазақстан психологтар одағының жетекші эксперті, әлеуметтік технология институтының директоры Гүлмира Қармысова «Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
Бұдан бөлек, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті кафедрасының меңгерушісі, магистр психолог, психолог-кеңесші Гүлнар Сақтангүлова тегін психологиялық көмек көрсетті, қойылған сұрақтарға жауап берді, түрлі жағдайларды талқылады.
Жиынға қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, толымды жауаптар алды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттерде: ашық дәрістен көріністер
Суреттер автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31