42 500 теңге жәрдемақы алуға 1461 адамнан өтініш келіп түсті
Коронавирус – аса қауіпті инфекциялық ауру. Бұл кесел бүкіл әлемге тарап, адамзатқа ортақ мәселеге айналды. Дүниежүзін дүрліктірген жұқпалы вирус көптеген адамның өмірін қыршынан қиюда. Халықты әуре-сарсаңға салған індетке қарсы күрес жүргізіліп жатыр.
Бұл ахуалға байланысты Үкімет тарапынан коронавирус пандемиясына қарсы барлық сақтық шаралары қолға алынуда.
Коронавирус пандемиясының кесірінен туындап отырған жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы телеарналар арқылы халыққа өз үндеуін жариялады. Ол өз үндеуінде жұқпалы вирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты карантин режиін күшейтуді тапсырды. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілген болатын. Кейін Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмысынан босатылып, ақысыз еңбек демалысына шығып, басқа да белгілі себептермен кірісін жоғалтқан жандар жоқ емес. Осыны ескерген Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың салдарынан табыстарынан айрылған адамдарға 42 500 көлемінде жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын.
Бұл ретте, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, МӘСҚ және жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту бөлімдері бірлесіп жұмыс атқарады. Олар ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, үміткердің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін тексереді және төлемді тағайындайды.
Мәселен, соңғы мәліметтер бойынша Қарасу ауданында 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алуға 1461 адамнан өтініш келіп түскен. Оның 145 өтініші кері қайтарылып, 1270 тұрғынның құжаты мақұлданып, әлеуметтік төлемге қол жеткізді.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет интернет желісінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31