1000 жуық бетперде тігілді

Коронавирус індеті бүкіл әлемді дүрліктірді. Жұқпалы дерт дүниежүзі бойынша халық арасында тез таралып, бұл вирус біздің елімізде де айналып өтпеді.

Осы ахуалға байланысты Үкімет тарапынан коронавирус пандемиясына қарсы барлық сақтық шаралары қолға алынып, жұқпалы індеттің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Осыған сәйкес, төтенше жағдай талаптары күшейтіліп, бұл дерттен сақтанудың тәртібі қолға алынды. Осы орайда медициналық бетпердеге деген сұраныс бірден арта түсті. Дәріханаларда оның тапшылығы да ерекше сезілгені жасырын емес. Осындай сәтте жергілікті ісмерлер қол қусырып отырмай, бетперде тігуді қолға алды. Солардың бірі – Фанзиля Амирханова. Ол аудан орталығындағы дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істейді.

Фанзиляон саусағынан өнер тамған кісі. Ол бала кезінен қолөнерді жанына серік етіп, қолы қалт етсе, алтын уақытын сүйікті ісіне арнайды.

– Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгенде тұрғындар жаппай бетперде сатып алып, дәріханаларда бетперде жетіспеушілігі сезілді. Осыны көзбен көріп отырған соң, бей-жай қарап отырмас үшін бетперделер тігуге кірістім. Бұл іс арқылы тұрғындарды бетпердемен қамтамасыз етуге тамшыдай болса да өз үлесімді қоссам, бір жағынан табыс көзіне айналды. Осы уақытқа дейін 1000 дана бетперде сатып үлгердім. Бір бетперденің құны – 118 теңге. Сұраныс жоғары. Басқа ауылдардан келіп, сатып алып жатқандар қатары да көп, – дейді Фанзиля Амирханова.

«Шебердің қолы ортақ» дейді дана халқымыз. Фанзиляның алдында тек қана пайда табу мақсаты тұрған жоқ. Оның сөзінше, кішігірім болса да қоғамға пайдасын тигізу.

Осындай қысыл-таяң уақытта дүрбелең туғызбай, төтенше жағдай режимі талап етіп тұрған тәртіпті, міндеттерді бұлжытпай орындап, әркім жауапкершілікті сезінуі қажет. «Сақтансаң сақтаймын!» деген сөзді әрдайым жадымызда ұстайық!

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет интернет желісінен алынды

Редактор

Recent Posts

В Карасуском регионе продолжается успешная реализация программы «С дипломом – в село»

В числе участников увеличивается количество горожан, которые без сожаления становятся селянами. (далее…)

3 часа ago

В Карасуском районе представлен новый священнослужитель

Главный имам Костанайской области Бектурсын Уалиев совершил специальный визит в Карасуский район, где встретился…

2 дня ago

Қарасу ауданында қостанайлық ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттауға арналған жоба жүзеге асуда

«Көркемсөз шебері» жобасын «Достық» мәдениет үйі директорының көркемдік, шығармашылық жағынан орынбасары Бердімұрат Сайлаубек 2016 жылы…

1 неделя ago

Причинённый киберпреступниками ущерб карасулянам составил 61 312 495 тенге

Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)

2 недели ago

На минувшей неделе в Карасуском районе зарегистрированы сразу два пожара

Первое возгорание произошло в селе Челгаши, где огнём уничтожена половина жилого строения. (далее…)

2 недели ago

Қарасу ауданында «Шапағат» клубы ашылды

Қарасу ауданының орталығында «Шапағат» клубы өз жұмысын бастады. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.